Президент компания әлемдегі жетекші теңіз тасымалдары және порт инфрақұрылымын дамыту операторларының бірі екенін атап өтті. Тараптар Каспий аймағының транзиттік-транспорттық әлеуетін Орта дәліз аясында кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге соңғы сапары кезінде Еуропалық Одақ басшылығы мен еуропалық бизнес орталары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк ағынын арттыруға дайын екенін білдіргенін хабарлады. Олар оны Азия мен Еуропа арасындағы негізгі артериялардың бірі деп санайды.
Бірлескен кәсіпорындардың жүк тасымалы саласындағы жұмысына және порт инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде астық және жүк терминалдарын салуға ерекше назар аударылды. Мұхаммед Әл-Шамиси холдингтің аймақтағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа стратегиялық қызығушылығын растады.