Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы 464,71 теңге деңгейінде белгіленді.
Астана айырбастау пункттерінде долларды 471,04 теңгеден сатып алып, 478,04 теңгеден сатты. Еуро 536,03–546,03 теңге аралығында саудаланды, ал рубль — 5,80–6,10 теңге.
Алматыда американдық валютаны 471,77 теңгеден қабылдап, 474,44 теңгеден берді. Еуро 540,80–546,22 теңге тұрды, рубль — 5,80–5,96 теңге.
Шымкентте долларды орташа есеппен 473,64 теңгеден сатып алып, 475,88 теңгеден сатты. Еуро 540,09–546,36 теңге шегінде болды, рубль — 5,81–5,88 теңге.