Нысанда 19 сорғы агрегатын және 17 трансформаторды ауыстыру жоспарлануда. Қазір бес агрегатты соңғы кезеңде ауыстырып жатыр, ал жақын арада тағы бесеуімен жұмыс басталады.
Сонымен қатар, каналда сегіз жаңа трансформатор орнатылды. Жұмыстар құрылысты жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жүргізілуде.
Вице-министр №87 бөгетін қайта құруды да қарап, мердігерлермен кездесті. Ол жобаларды мерзімінде және тиісті сапада аяқтауды тапсырды.
Жол картасын іске асыру каналдың сенімділігін арттыруға, суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге және оны күтіп-ұстау шығындарын азайтуға тиіс.