Жұмыс сапары Шахтинск ТЭЦ-інен басталды. Онда қазір екі қазандық агрегат жөнделуде. Ержан Ертаев жұмыстардың барысымен танысып, оларды мерзімінде және тиісті сапада аяқтауды талап етті.
Саранда төраға қалалық қазандықты қарап шықты. Ресурстармен қамтамасыз етілу, жөндеу бағдарламасының орындалуы және жабдықтың қысқы шың жүктемелерге дайындығы мәселелері талқыланды.
Қарағанды және Теміртау
Қарағандыдағы ТЭЦ-3-те қазандық пен турбинаның күрделі жөндеуі жүргізілуде. Сонымен қатар станцияны кеңейту жобасы іске асырылуда: жаңа қазандық агрегат пен турбоагрегат салынуда. Олар іске қосылғаннан кейін электр қуаты 140 МВт-қа, жылу қуаты 180 Гкал/сағ-қа артады.
Теміртауда ТМ-3 жылу магистралінің реконструкциясы тексерілді. Нысанның ұзындығы 4,1 км, жұмыстардың 60 %-ы орындалған. Ержан Ертаев қарқынды жеделдетуді және кестені қатаң сақтауды тапсырды.
Жаңа нысандар және күшейтілген бақылау
Биыл «Қарағанды Жарық» ЖШС 110/10 кВ «Новый Майкудук» қосалқы станциясын пайдалануға берді. Ол қаланың ірі аудандарының бірінің электрмен жабдықталу сенімділігін арттырады және жаңа тұтынушылар үшін қуат резерві жасайды.
ГРЭС-1-ге ерекше назар аударылды. Станцияда қазандық агрегаттың күрделі жөндеуі жүріп жатыр. Комитет төрағасы ресурстарды жұмылдыруды, бақылауды күшейтуді және барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды талап етті.