Өкілеттіктерді беру «ТМД-ның Жастар астанасы» халықаралық жобасы аясында өтті. Жиында Достастық елдерінің өкілдері жастар саясатының басым бағыттарын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді, жастар бастамаларын қолдауды, волонтерлік қозғалысты дамытуды және бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.
Қазақстан делегациясы осы саладағы көпжақты өзара әрекеттесуді нығайтуға дайын екенін растады. Сонымен қатар, Қазақстан өкілдері ТМД елдерінің жастар қоғамдық ұйымдарының Форумына және Кеңес мүшелерімен панельдік пікірталасқа қатысты.
Бұл алаңдарда қатысушылар жастар бірлестіктерінің одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын қарастырды. Кездесулердің басты нәтижесі ТМД мемлекеттері — қатысушыларының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағалығын Қазақстанға беру болды.
Бұған дейін Қарағанды ТМД-ның 2028 жылғы жастар астанасы мәртебесін алған болатын.