Жаңа нормалар мұндай жарнаманы азаматтар үшін түсінікті, адал және ашық етуі тиіс. Бұл ретте құжат пациенттер үшін қосымша тыйымдар енгізбейді.
Жобаны қолданыстағы ережелерді жарнама, онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға сәйкес келтіру мақсатында әзірледі.
Не өзгереді
Жарнама шынайылық, адалдық және этикалық қағидаттарды сақтауы тиіс. Интернетте жарнамалық материалдарды нақты белгілеу қажет болады.
Медициналық қызметтер туралы хабарландыруларда ұйымның лицензиясы туралы мәліметтерді және дәрігерге кеңес алу үшін жүгіну ұсынысын көрсету талап етіледі. Сондай-ақ терминдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңартады.
Онлайн-жарнама мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді болуы тиіс, ал жарнамалық материалдар белгілі бір мерзімдер ішінде сақталуы керек.
Денсаулық сақтау министрлігінде бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы жарнаманың ашықтығын арттырып, азаматтардың медициналық қызметтер туралы ақпаратқа деген сенімін нығайтады деп санайды.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Қоғамдық талқылау 23 шілдеге дейін жалғасады.