Жаңалықтар

«Әділет» партиясы үшінші кезектен тыс съезд өткізеді

«Әділет» партиясы 2026 жылғы 10 шілдеде Астанада III кезектен тыс съезд өткізеді.

4 шілде 2026 · 15:58·Оқу: 1 мин

«Әділет» партиясы үшінші кезектен тыс съезд өткізеді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·4 шілде 2026

Съездке дайындық басталып кетті. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік құрылымдардың өкілдері, басшы органдардың мүшелері және шақырылған қонақтар қатысады.

Бұған дейін «Әділет» Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеген. 3 шілдеде партия төрағасы Айбек Дадебайдың мәлімдемесін жариялады.

1 шілдеде Қазақстан Президенті Құрылтай сайлауын тағайындады. Орталық сайлау комиссиясы депутаттар сайлауына қатыса алатын саяси партиялардың тізімін бекітті.

Пікірлер