Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы 40 км құрайды. Жұмыстар 16,7 мың м³ аумақтағы көтерілген жерлерді жоюды және учаскенің бүкіл ұзындығы бойынша рециклинг әдісімен негіз құруды қамтиды.
32,6 км-ге ірі түйіршікті асфальтобетон қоспасынан төменгі қабат төселді. Ұсақ түйіршікті қоспадан жоғарғы қабат 8,6 км-де дайын.
Нысанда 58 маман және 38 техника бірлігі жұмылдырылды. Жөндеудің мақсаты — жабынның сапасын және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру.
Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған автожол саласын дамытудың үш жылдық жоспары бойынша республикалық жол желісін жаңарту жалғасуда.