Тәулік бойы кезекшілікке адамдарды іздеу және құтқару, санитарлық авиация, авиациялық мониторинг және төтенше жағдайларға ден қоюмен айналысатын тікұшақ шықты.
Мұндай бөлімшелерді құру және мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында отряд командирі Абай Қоржынбайға қызметтік пәтердің кілттері тапсырылды.
Жаңа отрядтың жұмысын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тексерді. Тікұшақ үшін экипаж бен кеменің тұрақты дайындығын қамтамасыз ететін жаңартылған авиациялық база дайындалды.
Балқашта отряд құру AIR-112 авиациялық қызметін дамыту және ел бойынша құтқару бөлімшелері желісін кеңейту аясында жүргізілуде.