Ведомствоның мәліметі бойынша, осы кезеңде 2,1 млн тоннадан астам қалдық пайда болды. Бір жыл бұрын көрсеткіш 2,2 млн тоннаны құрады.
Қайта өңдеу және утилизация үлесі өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы 24%-дан ағымдағы жылғы 27,7%-ға дейін өсті.
Мақсатты көрсеткіштер Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында бекітілген. 2030 жылға қарай үлесті 40%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу жоспарлануда.
Бұған дейін қазақстандықтарға EcoQolday жүйесі арқылы қалдықтарды тапсырғаны үшін 3,5 млрд теңгеге жуық қаражат төленген. Павлодар облысында қайта өңделген қалдықтардан техникаға арналған щеткалар мен тротуарларға арналған резеңке жабын өндіріледі.