Жұмыстарды әділет департаментінің сот орындаушылары жүргізуде. Мәжбүрлеп бұзу туралы шешімді Алматы қалалық соты 2025 жылғы 17 қарашада қабылдады.
Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізіп, меншік иесінің рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ екенін анықтады. Нысанның бір бөлігі жалпы пайдаланудағы жерде салынған.
Меншік иесіне қарсы әкімшілік шаралардан кейін сот талқылаулары екі жылға жуық уақытқа созылды. Жақында қалада бір заңсыз кафе бұзылған болатын.