Миграциялық қызмет бөлімшелері Қазақстан азаматтығынан 450-ден астам адамның шығуын тіркеді. Олардың көпшілігі көрші мемлекеттің паспортын алды.
Миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін 31 адам жауапқа тартылды. Жиырма төрт азамат шетел азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына белгіленген мерзімде хабарламаған. Тағы алтауы қазақстандық азаматтығын жоғалтқаннан кейін сот шешімімен елден шығарылды.
Оқиғалардың бірі Өскеменде тіркелді. Қырық үш жастағы жергілікті тұрғын 2024 жылдың қазан айында басқа мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы полицияға хабарламаған. Оның қазақстандық құжаттары тәркіленді.
ШҚО полиция департаментінде шетел азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына 30 күнтізбелік күн ішінде хабарлау және қазақстандық құжаттарды тапсыру қажеттігін ескертті.