Талдықорған қаласының прокуратурасы тексеру жүргізіп, диспансерлік есепте тұрған және көлікті басқаруды жалғастырып жүрген азаматтарды анықтады. Олардың арасында эпилепсиямен, психикалық бұзылулармен және психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылулармен ауыратын адамдар бар.
Әрбір жағдай бойынша прокуратура сотқа жүргізуші куәліктерін жарамсыз деп тану және көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату талабымен талап-арыз берді.
Соттар 28 талап-арызды қанағаттандырды. Қалған 30 азамат бойынша материалдар әлі қаралуда.