Спорт

Қазақстандық гимнасттар Азия чемпионатының финалына шықты

Дмитрий Патанин мен Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

19 маусым 2026 · 06:40·Оқу: 1 мин

Қазақстандық гимнасттар Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·19 маусым 2026

Дмитрий Патанин ерікті жаттығуларда төртінші орын алып, финалға шықты. Дияс Тойшыбек турникте алтыншы болып, күресті жалғастырады.

Командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпаймен төртінші орын алды. Бірінші орында Қытай — 254,194 ұпай, екінші орында Жапония — 248,795, үшінші орында Оңтүстік Корея — 242,561.

Финалдар 20 және 21 маусымда өтеді. Бұған дейін Миллад Карими қабырға жарақатына байланысты чемпионатты өткізіп жіберген.

Пікірлер