Михаил Шайдоров маусымды 23-25 қазан аралығында Франциядағы кезеңнен бастайды. Қазақстандық екінші стартын 6-8 қараша аралығында Қытайда өткізеді.
Жеткілікті ұпай жинаған жағдайда Шайдоров 11-13 желтоқсан аралығында Чунцинде өтетін Гран-при финалында өнер көрсете алады.
Софья Самоделкина 29 қазан - 1 қараша аралығында Канадада және 13-15 қараша аралығында АҚШ-та өнер көрсетеді. Қажетті ұпай жинаған жағдайда ол да Чунциндегі финалға аттанады.
Шайдоров маусымға АҚШ-та Рафаэль Арутюнянның жетекшілігімен дайындалуда.