Туризм

Таулы Қазақстан

Таулы Қазақстан — бұл айбынды Тянь-Шань мен Мұғалжар жоталары, Маңғыстау таулары мен Жоңғар Алатауының ертегідей баурайлары. Таулар тамаша табиғатымен танымал…

16 қаңтар 2015 · 21:37·Оқу: 3 мин

Таулы Қазақстан
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·16 қаңтар 2015

Таулы Қазақстан — бұл айбынды Тянь-Шань мен Мұғалжар жоталары, 77_img_2636Маңғыстау таулары мен Жоңғар Алатауының ертегідей беткейлері. Таулар тамаша ландшафттарымен және өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерімен әйгілі. Таулы аумақтар демалыс базалары мен санаторийлердің орасан таңдауына бай. Сауығу үшін таулардан алыс емес жерде орналасқан санаторийлерге баруға болады, мысалы: Іле Алатауының бөктеріндегі Алатау санаторийі, Шымбұлақ шатқалындағы Ақ-Бұлақ санаторийі, Алтай тауларының нақ жүрегіндегі «Рахман қайнарлары».

Тянь-Шань таулары оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағын алып жатыр. Тау жүйесінің ең биік нүктесі — Хан Тәңірі шыңы (6995 м). Шың туристер мен альпинистер үшін қол жетпес, сондықтан күшті әсер сүйер адамдар арасында үлкен танымалдыққа ие. Мұнда жануарлардың сирек түрлері: қар барысы мен тау аюы тіршілік етеді. 65879858Шығыста таулы Қазақстан Алтай тауларымен танылады. Оңтүстік Алтай аумағында тамаша Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Алтайдың символы — айбынды Мұзтау (Белуха) тауы. Кейбір халықтар арасында тау қасиетті саналады. Сондай-ақ бұл жер альпинистердің сүйікті мекені. Тауларда құстардың сирек түрлерін кездестіруге болады: шіл мен ақ шіл. Алтай тауларының жалғасы — ең биік нүктесі Сары-Шоқы (1600 м) болатын Қалба жотасы.

Қазақстанның тағы бір таңғажайып тау жүйесі — Жоңғар Алатауы. Тау шыңдарын мәңгілік мұздықтар мен қарлар жауып жатыр. Мұнда арқарлар, тау ешкілері мен жейрендер мекендейді. Жоңғар Алатауы өз тарихымен әйгілі, мұнда сіз бір кездері осы таулардың аумағынан өткен ежелгі көшпенділердің жартастағы суреттерін кездестіре аласыз.

Еліміздің орталық аумағында көптеген тау шыңдары бар тамаша Сарыарқа даласында болуға болады. Олардың ең биігі — Ақсораң тауы (1565 м). Таулардың арасына айна тәрізді таза көлдер шашырап жатыр, олар бұл өңірді қайталанбас етеді.

Каспийде Маңғыстау таулары орналасқан, Қазақстанның ең төменгі нүктесі — Қарақия ойысы. Биік емес таулар Бозашы мен Жазық Маңғыстауды бөліп тұр. Оған Қаратау мен Ақтау таулары кіреді.

Орал тауларының тармағы — Мұғалжар таулары. Мұғалжардың ең биік нүктесі — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Тауларда Шили мен Терісбұтақ өзендері бастау алады.

Таулы Қазақстан көптеген таулармен танылады, онда альпинистке де «дем алуға», отбасылық демалыс өткізуге де болады.

Пікірлер