Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы жұмыстардың барысын орында бақылау үшін Атырау және Маңғыстау облыстарына шықты.
2026 жылы 2,2 млн гектарды өңдеу жоспарлануда — бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Көлемнің азаюы үкіметтің қолдауымен өсімдіктерді қорғау жүйесінің жетілдірілуімен байланыстырылады.
Ведомствода қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізілді, бұл процестерді орталықтандыруға және бюджет қаражатын тиімдірек жұмсауға мүмкіндік берді. Желдеткіш бүрку машиналарының өнімділік нормалары 100-ден 70 гектарға дейін төмендетілді, соның нәтижесінде қолданылатын техниканың саны 556 бірлікке дейін өсті — бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25%-ға көп.
Фитосанитариялық қызмет техникасын жаңартты: 103 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алды, олардың 57-сі аумақтарды тексеру үшін, ал 46-сы химиялық өңдеу үшін қолданылады. FITOCENTRE мобильді қосымшасы іске қосылды. ФАО-мен бірлесіп цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен дрондарды енгізу жобасы жүзеге асырылуда.
Аймақтардағы жедел штабтар қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Қостанай облысында анықталған шегіртке ошақтарының 95%-дан астамы өңделген.