Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 мыңға артық. Негізгі өсім еңбек шарты бойынша жалданған жұмысшылар есебінен қамтамасыз етілді.
Олардың саны 7 млн 140,9 мыңнан 7 млн 290,4 мың адамға дейін өсті. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 млн 142,5 мыңнан 2 млн 101,6 мыңға дейін қысқарды. Тәуелсіз жұмысшылар саны 30 мыңнан астамға азайып, 326,6 мың адамға дейін төмендеді.
Жұмыссыздық деңгейі 4,5 % деңгейінде қалды. Жұмыссыздар саны 446 мың адамды құрады, жастар арасында — 3 %.
1 шілде жағдайы бойынша мемлекет пен жұмыс берушілердің қолдауымен 249 595-тен астам адам жұмысқа орналасты, олардың 96 415-і тұрақты негізде.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек нарығын дамыту жұмыспен қамтудың сапасын арттыруға және заманауи жұмыс орындарын құруға бағытталатынын атап өтті.